Қазақ тілі апталығында өткен ашық сабақ
2-сыныпта
Күні :07.02.17 ж
Пәні : Қазақ тілі
Сыныбы : 2
Сабақтың тақырыбы: Демалыс күні.
Грамматикалық тақырып :Кімнің?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға демалыс күні тақырыбы жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Демалыс туралы тәрбиелі әңгімелер айту. Табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойландыру, сұрақ –жауап, аударма.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, назарларын пәнге аудару.
2.Үй тапсырмасын кезекшіден сұрау. Мына сұрақтарға жауап алу:
Ой қозғау.
- Бүгін кім кезекші?
- Балалар, бүгін қандай күн?
- Ауа райы қандай?
- Қандай жыл мезгілі?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
73 -бет ; 1- тапсырманы жаттау .
Мен дүкенге барамын. Мен туған күнге барамын . Мен тауға барамын.
III .Жаңа сабақты түсіндіру
Әр адам демалыс күні демалады . Демалыс күнін қызықты өткізуге тырысады. Далаға шығып серуендейді. Демалыс күні сабақтарын орындап алады және ерте жатуға тырысады.
Балалардан тақпақ сұраймын.Тақтаға Кирилл , Артем, Светослав шығады.
Демалыс
Құмнан қамал тұрғызып ,
Суда шомылып ойнаймыз.
Демалыста қыдырып,
Әлемдерді шарлаймыз .
Табиғат
Табиғат біздің анамыз,
Жер–Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат ,
Біз де аман боламыз.
Табиғат
Мен жерімді сүйемін,
Жеріме дән себемін.
Ауа таза болсын деп,
Жылда ағаш егемін.
Балалардан тақпақ сұраймын. Тақтаға Палина , Данил , Ксения тақтаға шығады.
Табиғат тамаша
Тау самалы,
Ағаштары
Есіп тұрар жай ғана.
Әсем гүлі,
Жылы түні,
Қандай көркем айнала.
Табиғат тамаша
Қызғалдағы,
Көк аспаны
Бұлттанады кей кезде.
Жоталары,
Таулары болса
Көз жетпейтін биікте.
Табиғат тамаша
Алтын күні
Сәуле шашқан
Жылу беріп адамға.
Шөбі шүйгін,
Қою жасыл
Қызығады бала да.
Шаттық шеңберге шығамыз . Балалар хормен айтады.
Мәтінмен жұмыс
Демалыс күні
Адамдардың көбі демалыс күні кеш тұрады, өйткені жұмысқа асықпайды. Бұл күні ұйқыларын қандырғысы келеді. Кейбір адамдар демалыс күні ешқайда шықпайды. Үйде отырып теледидар көреді, демалады немесе демалыс күнін пайдаланып , үй шаруасымен айналысады. Содан кейін , жалқауланып теледидардың алдында отырады.
Кітаппен жұмыс
1- тапсырма. Суретке қара. Тыңда, оқы.
Сен қайда барасың?
-Мен тауға барамын.
Сен не істейсің?
- Мен шаңғымен сырғанаймын .
- Мен де барамын .
Жоқ, сен шаршайсың , жылайсың.
Жоқ, мен шаршамаймын, жыламаймын.
Жүр кеттік!
Алақай!
2- тапсырма. Оқы.
Мен тауға барамын. Мен шаңғымен сырғанаймын.
Мен шаршамаймын. Мен жыламаймын
Сергіту сәті.
Біздер тату боламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Бағалау . Оқушылардың біліміне , ынтасына қарай бағаланады.
Қорытынды. Оқушылардан Демалыс күні тақырыбы бойынша сұрақ-жауап қоямын.
Сұрақ - жауап
1. Сен демалыс күндері не істейсің?
2. Неше күн демаласың?
3. Неше күн оқисың?
Үйге тапсырма.
77 бет ; 4- тапсырманы жаттау
Өткізген : Әбди Назгүл Сапарханқызы