«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Камышенка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарих және қоғамтану әдістемелік апталығын өткізу бойынша ақпарат

17.12.2020

Оқытылатын пәнге қызығушылықты қалыптастыру, оқушылардың тарихи білімдерін кеңейту мақсатында мектепте тарих апталығы өткізілді. Бірінші күн-аптаның ашылуына Адамская Г.И. бейнеролик дайындалды. Онда жұмыс жоспары ұсынылды және Қазақ хандығының 555 жылдығына арналған қабырға газеті рәсімделді. 8 желтоқсанда 9 - сыныпта Тәуелсіз Қазақстанның тарихын білуге арналған "Заманауи Қазақстан" блиц - турнирі өткізілді. (Жауапты Адамская Г.И.). Ең көп ұпай жинаған Н. Вербаховский жақсы білім көрсетті. Тарих мұғалімі Мамченко И.Д. 9 желтоқсанда Қазақстан тарихы бойынша 7-сыныпта логикалық ойлау, қорытынды жасау, қорытындылау, өз көзқарасын білдіру, біліктілігін қалыптастыру мақсатында "Әлем музейлеріне"(қашықтықтан) бейне-саяхат дайындады, "Тарих дөңгелегі" зияткерлік ойыны өткізілді.Ойынның белсенді қатысушылары-Абишев А., Новаковский Д., Чернятевич В. Байрамова Е. 5-7 сынып оқушылары үлкен қызығушылықпен "Тарихты саламыз" суреттер байқауына қатысты, Үздік жұмыстар грамоталармен марапатталды. 10 желтоқсанда      И. Д. Мамченконың басшылығымен 9-10 сынып оқушылары арасында "Қазіргі әлемдегі діни конфессиялар"атты қоғамтану бойынша рефераттар конкурсы өткізілді. Бірінші орынды 9 сынып оқушысы Лисовский Артем иеленді. 11 желтоқсанда Адамская Г.И. 9-10 сынып оқушылары арасында "Менің отбасым тарихындағы соғыс" ең жақсы эссе байқауының қорытындысын шығарды. Лисовская Дарьяның, 10 сынып оқушысы, жұмысы ең жақсы деп танылды. 5-11 сынып оқушылары үшін "Тәуелсіздіктің жеті қыры" топтамасынан "Бірлікте-күш" деректі фильмі қашықтықтан көрсетілді. Апта соңында, 12 желтоқсанда тарих пәнінің мұғалімдері слайд-презентация түрінде қорытынды есеп дайындады.

 

Адамская Г.И.

Просмотров: 241


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст