Отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік, Отанға деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу мақсатында 14 желтоқсанда 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. 1-сыныпта "Менің Отаным –Қазақстан" тақырыбында викторина –ойыны өтті. (Лисовская О. С.) Іс - шара барысында Оксана Сергеевна Тәуелсіздік күні Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекесі екенін атап өтті және оның құрылу тарихы туралы әңгіме өткізді, содан кейін балалар Тәуелсіздік күніне өлеңдер оқыды. Оқушылар қойылған сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап берді және біздің Отанымыз туралы көбірек білді. Сынып сағатының соңында оқушылар біздің жас елімізге ізгі тілектерін білдірді. 4-14 желтоқсан аралығында Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері С.К. Аубакирова мен К. Е. Шаймерденов мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты дағдыландыру мақсатында мектеп оқушылары мен педагогтарды жұмылдыра отырып "Тіл-Тәуелсіздік тірегі " атты челленджін тиісті деңгейде ұйымдастырып, дайындады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 3-сынып оқушылары "Жас Қыран" ББЖҰ қатарына қабылданды, Салтанатты жағдайда директордың ОТЖ бойынша орынбасарлары С.В. Литвченко, Г .И. Адамская, аға тәлімгер Н. С. Островская, мектеп көшбасшысы Дарья Лисовская балаларға галстук байлады және "Жас Қыран" төс белгілерін табыстады. "Жас Қырандар" ерекше мақтанышпен ант берді, онда жақсы оқуға, қоғамдық тапсырмаларды орындауға, салауатты өмір салтын ұстануға, ата-аналарды, мұғалімдерді құрметтеуге ант берді. Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Оқушылар сынып сағаттарын дайындауға және өткізуге жауапкершілікпен қарады.
Адамская Г.И.