Тұңғыш Президент күніне байланысты Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепте тарих пәні мұғалімдері мен сынып жетекшілері 23-27 қараша аралығында 1-11 сынып оқушылары үшін «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклынан «Өмір жолдары», «Бір халық, бір тағдыр» «Ақылды шешім» деректі фильмдерін қашықтықтан қарауды ұйымдастырды. , Мереке қарсаңында 30 қараша күні қазақстандық патриотизмді, өз еліне, өз Президентіне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушыларына «Біздің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті!» бірыңғай сынып сағаты өткізілді, Сынып жетекшілері оқушыларға Елбасының Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыруға қосқан үлесі туралы, оның елдің дамуындағы рөлі туралы айтты. Қазақстан орасан зор жетістіктерге, жарқын жеңістерге қол жеткізді, әлемдік қоғамдастықта өзінің лайықты орнын алған мемлекет құрылды. Біздің елімізді мекендеген халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім планетаның барлық мемлекеттері үшін жағымды үлгі. Оның басшылығымен ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүргізілді. Оқушылар Тұңғыш Президентіміздің өмірбаяндық мәліметтерімен, оның отбасымен, хоббимен танысты. Мектеп кітапханашысы Н.С. Островская Тұңғыш Президент күніне арналған кітап көрмесінің дизайнын жасады және бастауыш сынып оқушыларын Назарбаевтың авторлығымен шыққан кітаптармен таныстырды, бейнеролик дайындады. 5-сынып оқушылары мерекелік құттықтау ретінде өлеңдерін салтанатты түрде мәнерлеп оқыды. ( Гирш Карина , Дембровский Никита, Тамилина Милана, Квапиш Надежда қашықтық форматта өткізілген сынып сағатында). (Сынып жетекшісі Аубакирова С.Г.) Мұндай сыныптық іс-шаралары, Қазақстан Республикасы азаматының жеке қасиеттерін дамытуға қажетті. Адамгершілік нормалары мен ережелерін, мінез-құлық үлгілерін сіңіруге ықпал етеді.
Г.Адамская.