Адами құндылықтар күні аясында 2020 жылдың 23 қарашасында мектепте «Адам құндылықтары - бақытты өмірдің негізі» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Бұл жұмыста адамға, Отанға, ата-анаға деген сүйіспеншілік, өмірге деген сүйіспеншілік, мейірімділік, мейірбандылық құндылықтары туралы шаралар қамтылды. Ұйымдастырылған сыныптық іс-шаралар барысында сынып жетекшілері балалармен жұмыс барысында жұмыстың әр түрлі формаларын қолданды. Мысалы, 4-сыныпта (сынып жетекшісі Туришева В.В.) балалар бір-бірімен «Достық жүрегімен» амандасты, суреттерде өздерінің өміріндегі ең құнды көзқарастарын бейнеледі. Сабақ «Бақыт көліне» саяхатпен аяқталды. Онда балалар қайықтарын ізгі тілектерімен суға жіберді.
7-сыныпта (сынып жетекшісі Л.В.Абишева) оқушылар өмір туралы астарлы әңгімелерді үлкен қызығушылықпен тыңдады. Дүниеге басқаша көзқараспен қарау үшін сынып жетекшісі Любовь Вячеславовна балаларға өздерінің мінез-құлқын және айналасында болып жатқан жағдайларды қайта қарауға көмектесетін даналық нақыл сөздерді оқуға кеңес берді, сабақ соңында оқушылар «Әр түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс таңдау жасауды білесіз бе?» сауалнамасының сұрақтарына жауап берді, «құндылықтарды таңдау» тапсырмаларын орындады.
Жақсылық, бақыт, сәттілік, өркендеу және көптеген жағымды және жақсы тілектері 8 сыныпта өткен сынып іс-шарасында (сынып жетекшісі Гречкина Л.А.) әр оқушыдан келді. Людмила Александровна балаларға мейірімділік пен өмірдің құндылығы, қайырымдылық пен мейірімділік, махаббат пен түсіністік туралы бейнематериалдар көрсетті. Ал 3-сыныпта (сынып жетекшісі Литовченко С.В.) «Комплименттер» ойыны өте көңілді және қызықты өтті. Сыпайылық пен мейірімділікке ынталандырылған сергіту сөті, балалардың көңілінен шықты. Мейірімділік туралы мақал-мәтелдерден жинақталған «Әдепті сөздер туралы әңгімеге» оқушыоар белсенді қатысты.
Адами құндылықтар күні сәтті өтті, мен мұндай іс-шаралар ауызбіршілікке, өзара түсіністікке, сыйластық пен достыққа үйрететінін атап өткім келеді. Олар арқылы мұғалімдер балалардың бойында отбасына, сынып ұжымына деген сүйіспеншілікті, мұғалімдерге деген құрметті, табиғатты аялауға тәрбиелейді. Өйткені, махаббат, отбасы, Отан, достық сияқты қарапайым сөздер, туған жердің табиғаты - мұның бәрі мәңгілік адами құндылықтар, әр адам оны бағалайды.
Директордың ТЖ орынбасары Г.Адамская