Текст
Оқушылардың сыпайы және жылы сөйлеуі және оларды өмірлік жағдаяттарда қолдануы туралы білімдерін кеңейту, балалардың өз іс-әрекеттерін талдай білу қабілетін дамыту, мейірімділік, сыпайылық, өзара түсіністік сезімдерін тәрбиелеу мақсатында 19-қазанда 7-сыныпта, (сынып жетекшісі Абишева Л.В.) «Сыпайылық ережелері» сынып сағаты өтті. Балалар сыпайылық ережелерімен танысуға, оларды сақтауға және мектеп оқушылары арасында қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған түрлі байқауларға белсенді қатысты.