Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай кезіндегі жұмыс жоспарына сәйкес біздің мектепте ұйымдастырушы-мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ТЖ кезінде өз-өзін ұстау ережесі бойынша үнемі, мақсатты түрде жұмыстар жүргізіліп тұрады.
2020 жылдың 21 қыркүйегі күні кешкі уақытта біздің ауылымыздың жеке меншік үйіне қосымша салынған қора-қопсыдан өрт шығу орын алды. Өрттен күш алған жалын лезде бүкіл аумаққа жайыла бастады.Үй иелеріне тез арада жәрдем керек болды. Ересек ауыл тұрғындары өрт сөндіру машинасын тосып тұрмай лезде жалынның бетін қайтару амалдарын жүргізе отырып, өрттің бүкіл үйге жайылу қаупіне тосқауыл болды. Үлкендерге көмекке мектебіміздің жоғары сынып оқушылары да келіп жетті. Олар ұйымдасқан түрде шелекпен су тасып, қажетті құрал саймандарды дер кезінде тауып әперіп тұрды. Өрт сөндірушілердің арасында мектебіміздің екі мұғалімі Мамченко И.Д. пен Абишев А.А. те болды. Олармен бірге мектеп оқушылары Чернятевич Игорь, Абишев Эльдар, Гречкин Артем, Ганьба Артем, Пантюхов Евгений және Бондарчюк Данилдер де болды.
Жарайсыңдар! Оларға біз сенеміз, өйткені олар қандай да бір ауыр кезеңдерде, кімнің басына іс түспесін, еш тайсалмастан көмек қолын созуға әрдайым келеді!
Жігіттердің ұйымшылдығы мен жанашырлығына, белсенді өмірлік ұстанымдарына дән ризамыз! Оларға алғысымыз шексіз!