Текст
20 тамызда мектепте «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» ата-аналар жиналысы қашықтық форматында өтті
Ата-аналар жиналысының мақсаты: жаңа 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға байланысты карантиндік шаралар аясында ата-аналарына (балалардың заңды өкілдеріне) ақпарат беру.
Кездесу барысында ата-аналарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен мектепке жүйелі оқыту режимінде баруға қойылатын талаптар, оқушыларды бағалау жүйесі, мектеп формасын кию ережелері, балалардың оқу және демалу режимі түсіндірілді.
Г.Адамская