Әсіресе, егер бұл ойын шытырман оқиғалы сипатта болса, онда бас жүлдені табу үшін әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы қазына іздеу керек! Бірақ оны табу үшін сіз өзіңіздің батылдығыңызды, ептілігіңізді, тапқырлығыңызды, сондай-ақ өзара көмек пен достықты дәлелдейтін бірқатар сынақтардан өтуіңіз керек.
Біздің мектептің жазғы демалыс алаңында 25 шілде күні осындай ойын өтті. Балаларға қазынаны табу керек болды. Оларды көптеген сынақтар күтіп тұрды. Олар межеге жету үшін станциялар арқылы рет-ретімен жылжыды.
Барлық анықтамаларды тауып, тапсырмаларды орындағаннан кейін балалар - тәтті және пайдалы сыйлық түріндегі қазынаны тапты. Барлық қатысушылар риза болды. Ойын жылы, достық атмосферада өтті.
Сонымен қатар, бүгін лагерімізде «пижама кеші» өтті, балақайлар пижама киді.
Барлығы бүгінгі күннен үлкен қуат пен жағымды эмоциялар теңізін алды.