Текст
Таңертеңгілік көңілді жаттығудан кейін балалар «Әдептілік дегеніміз не?» мультфильмін тамашалады. Содан кейін «Әдепті болсаң» викториналық ойыны өткізілді, онда балалар сұрақтарға жауап берді, жұмбақтар шешті, топпен жұмыс істеді.
Жұмыс барысында балалармен бірге «Сыпайы сөз ағашы» құрылды, онда барлығы жылы сөздер жазылған қағаздарды ілді.
Күн қызықты ойындармен аяқталды, барлығы тамаша көңіл-күймен тарқасты!