Текст
1-12 маусым аралығында «Көңілді балақайлар» жазғы мектеп алаңында өткен іс-шара аясында мектеп тәрбиешісі Туришева В.В балалар еңбегін қанауға қарсы күрес туралы презентация түрінде ақпарат дайындады, мектеп кітапханашысы Островская Н.С. балалар арасында «Біз қатыгездіксіз балалық шақ үшін» атты сурет байқауын өткізді. Мектеп психологы Гречкина Л.А. «Балалық шақ мейірімді болуы керек» және «Менің құқығым бар» буклеттерін дайындап, 9-сынып түлектерімен «Дұрыс мамандық таңдау – өмірден өз орныңды табу» атты әңгіме ұйымдастырды.