Текст
11 мамыр – «Көңілді балақайлар» мектеп алаңында «Сыйластық күні» өтті. Балалар «Бір-бірімізге қошемет айтайық» ойын бағарламасына қатысты, олар ерекше сиқырлы «Әдептілік пен мейірімділік» еліне қызықты саяхат жасады,«Сәлемдесу» аллеясында,«Мейірімділік» теңізінде,«Әдептілік» мұхитында болды.«Кешірім сарайы» жане «Рефлексия аралында» серуен жасады. Ойын барысында балалар “рахмет” сөзінің әртүрлі тілде айтылуын үйренді. Күннің соңында балалар таза ауада «Гүл жина» және «Санамақ» ойындарын ойнады.