«Камышенка ауылының ЖББМ» КММ-де Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу жарқын, қызықты және көңілді өтті. Мерекеге қатысушылар – мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге би билеп, спорттық эстафеталарға, қызықты да көңілді ойындарға қатысып, асфальтқа сурет салды. Іс-шараға жауапты бастауыш сынып мұғалімі Я.А.Пельцер және мектеп мұғалімдері балалардың мерекесін қуанышты және ұмытылмас қылып өткізуге ат салыста, ал көңілді ертегілер мен мультфилмдер кейіпкерлері ешкімді жалықтырмады. Мереке барысында мектеп директоры Н.А.Ковальчук және Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Матвеюк А.Д. балаларды мереке күнімен құттықтады. Соңында Яна Анатольевна және ертегі кейіпкерлері барлық балалармен қызықты флешмоб өткізді. Мереке қонақтары мен қатысушылары жақсы көңіл-күй мен көптеген жағымды эмоцияларға ие болды. Мерекенің өтуіне көмек көрсеткендер үшін Первомайка округінің әкімі Егінбаев Қ.А., Квапиш Г.И. және Абдулхаджиев Р.А. алғысымыз шексіз.