«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Камышенка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Соңғы қоңырау мерекесі

26.05.2024

«Камышенка ауылының ЖББМ»КММ-де биылғы оқу жылының аяқталуы ерекше және есте қаларлықтай өтті. Мұғалімдерді, оқушыларды және ата-аналарды құттықтауға ауданымыздың білім бөлімінің басшысы П.Ю.Барахоева  және ауданымыздың білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Абдрахманов Б.А. келді. Мерекенің бейресми бөлігінде Полина Юнусовна сөз сөйлеп, барлық жиналғандарды құттықтап, 9-сынып оқушыларының қорытынды аттестациясының сәтті өтуін, ал барлық оқушыларға жазғы демалыстың жақсы өтуін тіледі. Сөз кезегінде кәсіподақ төрағасы Б.А.Абдрахманов пен мектеп директоры Н.А.Ковальчук құттықтау сөз сөйлеп содан кейін  сыныптар мерекенің ресми бөлімі – «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай сынып сағатына өтті. Полина Юнусовна сынып сағаттарына қатысып, оқушылармен кездесіп, 9-сынып оқушыларымен болашақта жұмысқа орналасу туралы ашық диалог жүргізді.

Полина Юнусовнаға мектебіміздің биылғы соңғы қоңырау мерекесіне қатысуға өз уақытын бөлгені үшін алғысымызды айтамыз.

Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст