Текст
Әрбір адам үшін ана өмірдегі ең маңызды адам. Мереке қарсаңында бастауыш сынып оқушылары арасында: 3 сынып (сынып жетекшісі Туришева В.В.), 1 сынып (сынып жетекшісі Пельцер Ю.А.) және мектепке дейінгі даярлық сыныбы (мұғалім Островская Н.С.) арасында : «Менің анам – әлемдегі ең жақсы», «Мен анама үйде қалай көмектесемін» тақырыбында әңгіме және «Менің сүйікті анам» атты сурет көрмесі өткізілді. Бұл шара балалардың отбасындағы жақсы қарым-қатынасты, сыйластықты, көмектесуге деген құлшынысын арттыруға бағытталды және аналар үшін жағымды нәрсе жасалды.