Текст
Мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай сынып жетекшілері патриоттық сезімді оятуға, өз еліне, өз халқына мақтаныш сезімін сіңіруге, өзге халықтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тақырыптық сынып сабақтарын өткізді. Сыныптағы іс-шаралар ойын, сайыс, викторина, презентация түрінде қызықты ұйымдастырылып, өткізілді.