31 мамырдан бастап 4 маусымға дейін бекітілген бағдарлама мен кестесіне сәйкес 30 сағат көлімінде далалық оқу-жаттығу жиындар өткізілген.
Оқу жиындарының негізгі міндеттері:
- Сапқа жүру дайындығы бойынша жалғыз-жалғыз тәсілдерін, сонымен қатар саптық тәсілдерін меңгеріп алу.
- Жауыңгердің сайыс алаңында жылжу әдістерін меңгеріп алу.
- Шабуыл мен қорғаныста, сонымен қатар жаулар жаппай қырып-жою қаруын пайдалану жағдайында жауынгердің әрекеттерін меңгеріп алу.
- Қарауылшы мен рота бойынша тәуліктік кезекшісінің міндеттерін іс жүзінде меңгеріп алу.
- Калашников автоматтың құрылғы мен міндетін зерттеп тану.
- Кедергілер жолығынан өту тәртібімен танысу.
- Жауынгерлік техника және қаруландыруымен танысу.
- Әскери қызметкерлердің орналастыру және тұрмысымен танысу.
- Дара қорғаныс заттарын қолдану, сонымен қатар қарудың қатерсіздендіру және ішінара санитарлық өңдеуін өткізу ережелерін меңгеріп алу.
Осы міндеттерін орындау үшін келесі сабақтар өткізілген:
1. Тактикалық даярлық – 16 сағат;
2. ҚР ӘК жалпы әскерлік жарғылар – 4 сағат;
3. Атыс даярлығы – 4 сағат;
4. Сапқа жүру дайындығы – 4 сағат;
5. Әскери топография – 2 сағат.