Туған жер- адам өмірінде ерекше орын алады. Қазақстан –
менің Отаным, өз елім. Мен Отанымды мақтанышпен айта аламын. Әр адам үшін Отан ошақ басынан басталады.
Менің Отаным мен үшін аса қымбат жер-Камышенка
ауылынан басталады. Камышенка ауылында әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Мысалы:
қазақтар, орыстар, поляктар, белорустар, немістер, ингуштар т.б. Бұл ауыл нағыз
халықтардың достастығының мекені десем болады. Мен Камышенка орта мектебінің 9-сынып
оқушысымын. Есімім-Надя. Ұлтым-орыс . Ана тілім-орыс тілі. Мен орысша да,
қазақша да жақсы түсінемін, екі тілде де еркін сөйлеймін. Мемлекеттік тілдің
маңыздылығын жақсы түсінемін. Сондықтан сабағымды жақсы оқуға, қазақ тіліне аса
назар аударуды үнемі жадымда ұстаймын . Жылда Астрахан ауданы оқушыларының
қазақ тілі олимпиадасына қатысамын. Биыл қазақ тілі пәні бойынша жүлделі
2-орынды алдым . Күні кеше қазақ тіліне арналған облыстық байқауға қатысып
жүлделі 2-орынға ие болдым . Осының бәрін: оқуымды, барлық атқарылып жатқан істерімді мен
болашақта өз орнымды табу үшін істеп жатырмын . Отан-мен үшін туып өскен жерім
, ауылым.
Менің ойымша, адам , туған жер , бейбітшілік, біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен бақытты баламын, өйткені менің туған отаным бар. Ол-Қазақстан . Ал Камышенка
–Отанымның кішкентай бөлшек жері. Мен ауылымды мақтан етемін. Ауылым үлкен .Табиғаты
әсем. Халқының саны-500-дей . Ауылымда
орта мектеп, фельдчерліқ –акушерліқ бөлімше , клуб, ауыл кітапханасы, бірнеше
дүкендер, әкімшілік орталық, мейрамханасы бар. Бірақ ауылым қазіргі жаңа
заманның деңгейінде емес. Ауылымның көшелерінде жарық жоқ, көшелерінің жолдары,
басқа ауылдармен қатынасатын жолдары ойық-ойық , жөндеуді қажет етеді. Қыс
болса жолдар жабылып, машина қатынасы болмай қалады, көктем болса –су шайып
кетеді . Осы олқылықтардың бәрі ескеріліп , жөнделсе ғой, шіркін !
Менің
мектебімде де көптеген ұлт өкілдері оқиды. Біз бәріміз доспыз, татумыз. Дәл осы
жерде менің көңілді де , шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтіп жатыр. Мектебімде кітапхана, пәндік кабинеттер,
жиылыс залы, спорт залы бар. Менің мектебіме шамамен жарты ғасыр. Мектебімде
жаңа заманның технологиясы- компьютерлер тек қана информатика кабинетінде бар,
жиhаздары-ескілеу , кабинеттерде интерактивті тақталар жоқ. Менің
арманым-болашақта оқып жатқан мектебімде үлкен салтанатты зал, қазіргі заманға
сай жабдықталған спорт залы, заманауи
технологиясы-компьютермен , интерактивті тақтамен жабдықталған пән кабинеттері
болса екен деймін .Менің арманым- туған өлкем Камышенка басқа жерлер сияқты
әдемі де , сұлу болса екен деймін. Болашақта Камышенканы заманға сай Отанымның
бір бөлігі ретінде болса екен деймін. Ал мен Отанымды құрметтеп, аялап өту үшін
жақсы оқып, еңбек етуге тырысамын.
Мен
Отанымдысүйемін!
Елімді өркендететін,
Қазақ тілін көркемдететін,
Бабаларға тағзым ететін
Мен-өз елімнің болашағымын!