«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Камышенка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өлкетану мұражайына экскурсия

28.10.2023

2023 жылдың 27 қазанында Тарих апталығына арналған іс-шаралар аясында мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары Астрахань қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі» КММ жанындағы Астрахань тарихи-өлкетану мұражайына барды.Бұл экскурсияның мақсаты: Қазақстан тарихы бойынша білімдерін тереңдету, азаматтық-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту және танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін тәрбиелеу. Балаларға ата-бабаларымыздың өмірін, олардың еңбегінің арқасында біздің  өлкеміздің қалай құрылғанын және дамығанын түсінуге және көруге көмектесетін түрлі көрмелермен мұражай залы бойынша өте қызықты және танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Балалар ықыласпен тыңдап, мұражай экспонаттарын қызығушылықпен тамашалады.
Оқушылар бисермен өңдеу, сурет салу, хореография, дойбы және шахмат бойынша шеберлік сабақтарына да белсенді қатысты. Балалар мұражайды тамашалауға риза болды. Шығармашылық үйінің директоры Мұхамбаева Айгүл Дәулетқызына жылы қарсы алғаны үшін алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 1609


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст