Текст
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, яғни, ағымдағы жылғы 4 қыркүйек пен 24 қыркүйек аралығында қабылданады.
Қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау Астрахан ауданы, Камышенка ауылы, Мира көшесі, 31, kamyshkola@mail.ru электронды мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Қажетті құжаттар:
1) Өтініш;
2) Депутаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Қазақ немесе орыс тілінде жазылған түйіндеме;
4) Білімінің бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі /бар болса/;
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.