Білім күні мерекесі мектептің 50 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Осыдан 50 жыл бұрын 1973 жылы 1 қыркүйекте мектебіміздің есігін алғашқы шәкірттер ашты. Салтанатты линейкамызға: 1973 жылғы 1-сынып оқушылары, олардың алғашқы мұғалімі Вишневская Я.С., педагогикалық еңбек ардагерлері Мұқанова М.Б.Чернецкая Л.В., Островская Л.В, Чернятевич А.З., бұрынғы директорлар Стибиш Н.Т., Ермилов А.А. Первомайка ауылдық округінің әкімі Қ.А.Егінбаев, Астрахан ауданы білім бөлімінің әдіскері С.Г.Ибикенова қатысып, жүректерінен шыққан жылы лебіздері мен құттықтау сөздерін жеткізді. , «Камышенка» ЖШС атқарушы директоры Ильдебаев В.Д. жиналған қонақтар мен оқушыларды мерекемен құттықтап, мектебімізге сыйлық сертификатын табыс етті. 1973 жылы мектеп табалдырығын аттаған оқушылар атынан Барабан Ирина құттықтау сөз сөйлеп мектепке спорттық құрал-жабдықтарға сыйлық сертификаттарын табыс етті. Салтанатты саптан соң мектеп тарихынан сыр шертетін фильм көрсетіліп, қонақтарға мерекелік фуршет ұсынылды. Біздің мерекемізге ортақтасып жылы лебіздерін білдіруге келгендердің барлығына алғысымыз шексіз! «Камышенка» ЖШС басшылығына, аудандық мәслихаттың депутаты Гендик В.В., СДК басшысы Матвеюк А.Д. және бүкіл мектеп қауымына үлкен рахмет!. Сүйікті мектебіміз, жартығасырлық мерейтойың құтты болсын!!!