Текст
Ұмытылмас «Мейірімділік сәулесі» күні көңілді гимнастикамен басталды, оны кеңесшілер Чупа Чупс рөлінде жүргізді.
Балалар «Мейірімділіктің әліпбиі» тақырыбына жарқын суреттер көрмесін әзірледі.
Сондай-ақ, балалар «Жақсының – жақсылығын айт» акциясына қатысып, алақан түрінде ізгі тілектер жазылған жарқын ашық хаттарды жасап, өтіп бара жатқандарға тарту етіп, шығармашылықтарын көрсетті.
Ал олар өз кезегінде күлкі мен жақсы көңіл-күй сыйлады.
Өйткені, алақан сенімнің, мейірімділіктің, шынайылықтың, достықтың белгісі.
Егер үлкендер мен балалар дос болса, онда біздің планетамызды Бейбітшілік пен Достық планетасы деп атауға болады!
Күн жақсы көңіл-күймен және Чупа — Чупстың тәтті сыйлықтарымен аяқталды.