Тілдік мектепке 5-7 сынып оқушылары барды.Онда викториналар, сайыстар, мультфильмдер қаралды.Ойын түріндегі шаралар (мобильді, оқу, танымдық, логикалық, рөлдік, дидактикалық, лингвистикалық.)ұйымдастырылды. Тіл мектебінің бірінші күні «Қазақшаң қалай» ойыны ойналды.Балалар клишелерді қолдана отырып, қазақ тілінде бір-бірін таныстырды. 20 маусым күні «Менің отбасым» тақырыбы бойынша сөздік қорын меңгерді.Балаларфотосуреттерді пайдалана отырып, өздерінің отбасы туралы монологтық мәлімдемелерінде әңгімелесті. . «Ұлттық киімдер» сөздік қорын зерттеуде «балалар үйде, мектепте, мерекелерде қандай киім кигенді ұнататынын диалогтік әңгімелерінде талқылады. «Менің үйім» сөздік қорын зерттеу үшін балалар өз бөлмесін сипаттай отырып, мәтін құрастырды. Сөзжұмбақтарды да шешті.Сөздік қорын пысықтау үшін «Ұлттық ойындар мен Сүйікті өнерім», «Ән шашу мен Ару Астана» атты тақырыпта оқушылар диалог құрастырды, қазақ тілінде мультфильмдер көрді, ән үйренді. Астанаға виртуалды саяхат кезінде қазақ тілінде диалогтар құрды. Жазғы тіл мектебі жақсы деңгейде өтті.Барлық жоспарланған іс-шаралар орындалды.