«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Камышенка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

04.04.2023

27-30 наурыз аралығында мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында іс-шаралар өткізілді.

28 наурызда Ақмола облысы Бурабай ауданы «Қатаркөл ауылы ауылшаруашылық колледжі» КМҚК-нің мен бұрынғы түлегі Козяруқ Л.Л.  9-сынып оқушыларымен кездесті. Әңгіме барысында Любовь Леонидовна колледжге түсу шарттары, оның тарихы туралы айтты. Бүгінгі таңда колледжде күндізгі бөлімде ветеринария, сүт өндірісі, дәнекерлеуші, есеп және аудит, аң шаруашылығы және аң терісі шаруашылығы, мал шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыту жүргізіледі. Ол өзінің сүйікті ветеринар мамандығы туралы қызықты және эмоционалды түрде айтып берді, колледж өмірі туралы бейнеролик көрсетті, бұл мамандықтың бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие екенін атап өтті.

30 наурыз ZOOM платформасында 9-11 сынып оқушыларымен ҰБТ-ның жаңа форматы, білім гранттары, мамандықты саналы таңдау, жоғары оқу орындарын таңдау бойынша ұсыныстар туралы ақпараттық-танымдық вебинар өткізілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша белсенді түрде сұрақтар қойып, онда толық жауаптар мен мазмұнды ақпараттар алды.

Орындаған   Г.Адамская

Просмотров: 160


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст