Текст
Көктемгі демалыста оқушылардың бос уақыты мәнді де қызықты өтті. Бұған балалардың мектепке келіп, іс-шараларға белсене қатысуға деген құштарлығы дәлел. Балалар волейбол, баскетбол, үстел теннисінен спорт секцияларына баруға, мектепішілік жарыстарға қатысуға ерекше қызығушылық танытты. Мереке күндері шахмат және волейбол турнирлері өткізілді. Онда 6-9 сынып оқушылары белсенді қатысып, өздерінің спорттық шеберліктерін жақсы көрсетіп, сергектік пен жағымды эмоциялар зарядын алды.