Текст
Мектебімізде 17 наурыз күні Наурыз мейрамын тойлау шуақты да көңілді өтті. Дәстүр бойынша Наурыз мерекесіне орай концерттік бағдарлама шашумен ашылып, мектеп директоры Н.А.Ковальчук оқушылар мен ұстаздарды мерекемен құттықтады. Концертке 1-9 сынып оқушылары, шағын орталық қатысып, көрермендер көңілді билерді тамашалады, көктемнің жақындауы мен көктемгі жаңару туралы өлеңдер тыңдады. Дене шынықтыру мұғалімдері дайындаған балаларға арналған жарыстар, спорттық эстафеталар мен қазақтың ұлттық ойындары қызықты түрде өтті. Сондай-ақ 22 наурыз күні өткен ауыл мерекесінде 4-8 сынып оқушылары жақсы өнер көрсетіп, жиналғандарды өз өнерлерімен қуантты. Осы тамаша мерекеге арналған барлық іс-шаралар өз деңгейінде өтті.