Наурыз мерекесі қарсаңында мектебіміздің оқушылары Кан Ксения, 7 сынып, Чернятьевич Ксения, 8-сынып. оқушылары 10 наурыз күні аудандық « Дәстүрлі ән-мәдени мұра» байқауына қатысты . Қыздар қазақтың халық әні «Еркемай» әнін дуэтпен орындап, аудандық білім бөлімінің сертификатына ие болды.
Мектеп директоры Ковальчук Н.А., тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Адамская Г.И. және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Шаймерденов Қ.Е. наурыз айының 14-і күні аудандық шығармашылық үйінде облыстық қоғамдық ұйымның ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық дәстүрлер-жаңа Қазақстанның байлығы» атты ұстаздар арасындағы «Ұлттық дәстүрлер-жаңа Қазақстанның байлығы» атты аудандық фестивалінің белсенді қатысушылары атанды. Мұғалімдер поляк ұлттық киімдерін ұсынды, ал поляк асханасының тағамдары мен ұстаздарымыз көрсеткен ұлттық костюмдер жарқын әрі әдемі болды. Іс-шара қызықты және есте қаларлық болды.