Текст
Наурыздың алтыншы жұлдызында, Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ауылдық мәдениет үйінде өткен мерекелік концертке мектебіміздің оқушылары белсене қатысты. Орындалған концерттік нөмірлер аналарымызға, әжелерімізге, қыздарға, ұстаздарға арналды. Мектеп директоры Ковальчук Н.А. жиналған барша әйелдерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, денсаулық, амандық, көктемнің өзіндей қуаныш пен жарқын өмір тіледі. Мерекелік концерт бір демде өтіп, көрермендерге жағымды эмоциялар ұялатты. Құрметті әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге бақыт, денсаулық, махаббат және көктемгі көңіл-күй тілейміз!