«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Камышенка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу кеңесін өткізу туралы ақпараты «Камышенка ауылының ЖОБМ» КММ 2022-2023 оқу жылы

16.02.2023

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында 15 ақпан күні мектепте 7-11 сынып оқушыларына арналған Астрахан ауданы ІІБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция подполковнигі Д.Н.Жапаровпен, инспектор А.С. Абеновамен, учаскелік инспектор М.Е. Алимжановпен кездесу өткізілді. Әңгімелесу барысында оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктері туралы ақпарат берілді. Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің кешкі және түнгі уақытта көшелерде және қоғамдық орындарда ересектердің еріп жүруінсіз жүруіне жол бермеу туралы айтты. Балалармен алаяқтықтың алдын алу, желідегі бұзақылық туралы әңгімелесті, электронды темекі шегудің зияны туралы айтты. Жасөспірімдердің автокөлікті басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтауы туралы әңгімеге ерекше назар аударылды. Оқушылар тәртіп сақшыларын зор ықыласпен тыңдап, барлық сұрақтарына жауап алды.

Просмотров: 225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст