Текст
Балалар картадан «Қазынаны» іздей отырып, қызықты тапсырмаларды орындады: олар суреттен әріптерді іздеді, буындардан сөздер құрастырды, жұмбақтарды тапты, ребустарды шешті. Балалар өз білімдері мен өнерлерін көрсетіп, үлкен әсер алды. Ойынның нәтижесі көптен күткен қазына: дипломдар мен «Мен букварьді оқыдым» медальдары болды.