Текст
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында кәмелетке толмағандарға қатыгездік көрсету фактілерінің алдын алу мақсатында 14 қараша күні мектебімізде 1-11 сыныптар арасында «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты сынып сағаттары өткізілді. «Зорлық», «қатыгездік» ұғымдарымен, балаларға қатысты зорлық-зомбылық түрлерімен бастауыш сынып оқушылары таныстырылды. 5-11 сыныптардағы сынып сағатының мақсаты: жасөспірімдерді қоғамдағы қауіпсіз мінез-құлыққа, қиын өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға, өзіне деген сенімділігін арттыруға, оқушыларды рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге бағытталды.