Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келді. Нұрсұлтанның, оның замандастарының балалық шақтары жартылай ашаршылыққа толы жылдарда өтті, ерте жастан балалар ата-аналарына көмектесті: әпке апалары , әжелерімен үй жұмысын басқарды, ал ұлдары мен әкесі мал бағып, қыста шөп дайындады, бақша мен көкөніс бақшасында жұмыс істеді.
Нұрсұлтанның отбасы қиындықтарға қарамастан, өте мейірімді, ұлттық дәстүрлер құрметтелген, ерте жастан бастап балаларды ұлттық салт-дәстүрлермен, әндермен, әдет-ғұрыптармен таныстырғын отбасы болатын.
Мектепте Нұрсұлтан тыңғылықты оқушы болған, оның куәлігінде бірақ-ақ төрт деген баға болса,қалғаны бестік бағалары болған. Нұрсұлтан кішкентай кезінен бастап құрдастарының арасында беделге ие болды және өзінің көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленді. Қарағанды металлургия зауытында жасөспірім ретінде ол тоғыз жыл бойы жұмыс істеді, сонымен бірге университетті металлургия инженері мамандығы бойынша бітірді. Тәжірибелі металлургтермен бірге ол жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Ол елді 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап басқарды және өмір бойы осы лауазымда қалуға құқылы болды. 19 наурыз 2019 жылы өз еркімен отставкаға кетті.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын ұсынған кезде барлығы оны қолдады, ал ол оған дауыс бергендердің бәрінің үмітін ақтады. Нұрсұлтан Назарбаев-Отанымыз Қазақстанға үлкен үлес қосты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосып, экономикамызды, халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартты, мәдениетімізді дамытты. Жастарға білім алуда, әрі қарай дамуына көп еңбек сіңірді . Мен, бақытты бала, мектеп оқушысы ретінде біздің Тұңғыш Президентімізге бейбіт аспан астында өмір сүргеніміз үшін үлкен алғысымды айтқым келеді, өйткені біздің Отанымыз-бейбіт, көпұлтты, егемен және гүлденген мемлекет.
Атамыз Нұрсұлтан Әбішұлына мықты денсаулық, кажымас қайрат, бақыт тілеймін.
Ақмола облысы, Астрахан ауданы,
Камышенка ауылының
9-сынып оқушысы- Лисовская Дарья.
Жетекші: Аубакирова С.К.