«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Камышенка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Камышенка ауылының ЖОБМ» КММ де өткен Дөңгелек үстел: «Ұстаздар мен ата-аналардың ынтымақтастығы»

01.11.2022

31 қазан күні мектебімізде дөңгелек үстел түрінде ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің тақырыбы «Отбасы, мектеп сабақтастығы, ынтымақтастық және инновация», іс-шараның мақсаты: білім беру мекемесі жұмысының маңызды аспектісін жаңарту: отбасы мен мектептің тәрбие мәселелерінде өзара әрекеттесуі, жиналғандарды мектебімізде «мұғалім-ата-ана» тандемінің жұмысымен, біз оқушылардың білім алуына қолайлы жағдай жасап жатқандығымызбен таныстыру. Дөңгелек үстел мектеп директоры Н.А.Ковальчуктың құттықтау сөзімен басталды. Ол отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы қазіргі мектептегі оқу-тәрбие жұмысының өте маңызды аспектісі болып табылатынын, сондықтан бала тәрбиесінің ортақ ісінде ынтымақтастықтың жаңа  формаларын табу керектігін атап өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Адамская Г.И. ата-аналарды жұмыстың заманауи түрлерімен таныстырып, оларды іс жүзінде қолдануды ұсынды, өйткені ата-аналармен бірлескен мерекелер, викториналар, кештер өткізу ата ананы балаларға, басқа ата-аналарға, мұғалімге жақындатады, ал балаларға, біртұтас мектеп жанұялары  ортасында ұжымшылдық рух тәрбиесін береді.. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Казанцева Г.В. өз сөзінде ол ата-аналардың спорттық жарыстарды өткізуге белсенді қатысуын, балаларымен бассейнге баруға қызығушылықтарын атап өтті. Балалар мұндай саяхаттарды асыға күтеді, балалар үшін бассейнге саяхат әрқашан үлкен қуаныш. «Қолөнерші» үйірмесінің жұмысы туралы жан-жақты және қызықты түрде жалпы мектеп ата-аналары комитетінің төрағасы Кириллова М.А. 4-5 сыныптардағы қыздарға арналған тоқыма үйірмесіне жетекшілік ету туралы ұсынысын білдірді. Одан әрі отырыс барысында ата-аналар алдағы жұмыс пен ынтымақтастық бойынша өз ұсыныстарын білдірді, сауалнама сұрақтарына жауап берді, рефлексияға қатысты. Ковальчук Н.А. Крыловтың «Жолдастар арасында келісім болмағанда, олардың ісі оңға баспайды, одан тек әурешілік қана шығады» деген әңгімесімен түйіндеді. Демек, отбасы мен мектеп ынтымақтастығының негізгі факторы – бала тәрбиесі мен біліміндегі келісім мен өзара түсіністік. Кездесу тек мазмұнды ғана емес, сонымен қатар қызықты, қолжетімді, ең бастысы нәтижелі болды!

 

Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст