Салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен ата-аналарды ынтымақтастыққа тарту мақсатында 24 қазан күні мектепте ата-аналармен «Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша отбасымен жұмыстың формалары мен әдістері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына оқушыларымыздың әкелері белсене қатысты, олар отбасылық дене тәрбиесі мәселелерін бірлесіп талқылауға қатысты, «Отбасындағы салауатты өмір салты» сауалнамасының сұрақтарына жауап берді. Одан әрі мектептің спорт залында ата-аналар мен жоғары сынып оқушылары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу және көңілді спорттық эстафеталар өтті. Барлық команда мүшелері өздерінің күшін, ептілігін, жылдамдығын көрсетті.
Ең бастысы, сергектік зарядын және көптеген жағымды эмоциялар алды!