Әдістемелік бірлестіктің жоспарына сай қарашаның 11-15 аралығында мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы өтті. Апталықта өткізілген барлық шараларға мектептің 5-11 сынып оқушылары қатысты.
11-қараша , апталықтың -бірінші күні оқушыларды апталықтың жоспарымен таныстырып, 5-11 сыныптары М.Ю.Лермонтовтың 205-жылдығына, А.Ахматованың 120-жылдығына арналған қабырға газеттерін , орыс тілі мен әдебиетіне арналған ребус, кроссворд газеттері шығарылды.
12-қараша күні 5,6 сынып оқушылар арасында «Нағыз білгір» атты « Мектеп» тақырыбына арналған сөздік диктант байқауы өтті.
13-қарашада 5,6 сыныптарының оқушылары М.Ю Лермонтовтың шығармашылығы бойынша «Ночь перед рождеством» фильмін тамашалап, соңында фильмге қатысты сұрақтарға жауап берді. Шараға жауапты- орыс тілінің мұғалімі- Абишева Л.В.
14-қарашада 7,8 сыныптарында орыс тілінің мұғалімі Казанцева Галина Владимировнаның жетекшілігімен «Знатоки русског языка» атты шара өтті. Балалар қызықты сұрақтартарға жауап беріп, сөзжұмбақтардың дұрыс шешімдерін тауып, «Русский медвежонок» интеллектуалды байқаудың тапсырмаларын орындады.
Бұл байқауға 3-4, 7,9,11 сынып оқушылары қатысты.
15-қараша күні орыс тілі пәнінің мұғалімі Ковальчук Наталья Андреевнаның жетекшілігімен 8-11 сыныптар аралығында Анна Ахматованың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. Кеште ақынның өмірбаяны туралы айтылып, өлеңдері мәнерлеп оқылды.
Мұғалімдердің апталыққа жоспарланған барлық шаралары өткізілді. Апталық өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.