Текст
30 қыркүйек мектебімізде Қарттар күніне орай «Құттықтаймын, ардагер!» акциясы өтті. Шара барысында мектеп еріктілерлері, аға кеңесші В.В.Туришеваның жетекшілігімен 7-8 сынып оқушылары педагогикалық еңбек ардагерлерін гүл шоқтарымен, шарлармен, құттықтау хаттармен жылы лебізімен құттықтады. Бастауыш сынып оқушылары ауылдық мәдениет үйінде өткен мерекелік концертке қатысты. Аға ұрпақ өкілдеріне жылы лебіздер айтылды. Балалар ата-әжелеріне арнап тақпақтар оқыды.