Мектепте Ұстаздар күні қарсаңында 30 қыркүйекте «Дублёрлар күні» өткізілді, осы іс-шараның дайындалуына аға кеңесші Туришева Виктория Викторовна жауапты болды. Таңертең әрбір келген мұғалімді құттықтаулармен, гүл шоқтарымен қарсы алды. Әдемі әуен естілді, бұл ерекше мерекелік атмосфераны құруға ықпал етті! Жоғары сынып оқушыларына оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып, мұғалім рөлін атқаруға мүмкіндік берілді. Барлық оқушылар өз міндеттеріне адал және жауапкершілікпен қарады. Оқушылар жүріс-тұрысында біраз қиындықтарға тап болғанымен, ұстаз-оқытушылар өздерін абыроймен ұстады. Кейіннен олар мұғалім мамандығының өте қиын екенін түсініп, өз пікірлерін білдірді. Өз кезегінде ұстаздар балалардың жұмысына дән риза болып, шыдамдылықтары мен түсіністіктері үшін алғыстарын білдірді.