Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында мектепте профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. 2022-2023 оқу жылының 1-10 қыркүйегі аралығында «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – мектеп оқушылары арасында жол-көлік тәртібін арттыра отырып, жолда абай болу және өз өміріңіз бен денсаулығыңызды күту. Акция аясында «Жолда абай бол», «Мұны әркім білуі керек» сынып сағаттары өткізілді, «Достарыңа жол ережесі туралы айт» сурет байқауы, балалар мен ата-аналарға жадынамалар дайындалды.
Жыл бойы сынып жетекшілері жол қозғалысы ережелері бойынша брифингтер, әңгімелер, сынып сағаттары өткізеді. Іс-шараларда оқушыларға плакаттар, тақырыптық бейне және фотосуреттер, презентациялар көрсетіліп, практикалық сабақтар өткізіледі. Мектепке іргелес жатқан жолдарда жылдамдықты шектейтін жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелі орнатылған.