«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Камышенка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Камышенка ауылының ЖББМ» КММ-де өткізілген «Наурыз» мерекесі туралы ақпарат

19.03.2022

 18 наурыз күні мектебімізде «Наурыз мейрамы» көктем мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада қазақ халқының салт-дәстүрін ұстанып, ән, ұлттық әуен, күй шырқалып, балалар өлең оқып, би биледі. Мектеп ұстаздары мен оқушылары «Шашу», «Тұсаукесер»  ырымдарын, «Теңге алу» ойындарын  көрсетті. Дене шынықтыру мұғалімдері дайындаған спорттық эстафеталар мен қазақтың ұлттық ойындары көңілді әрі алуан түрлі өтті. Қызықты түрде шағын орталықтың, мектепке дейінгі дайындық сыныбының және бастауыш сыныптардың балалары арасында сайыстар өткізілді. Әсем әуен, балалардың жарқын костюмдері, түрлі-түсті безендіру залда мерекелік атмосфера мен жиналғандар арасында көктемгі көңіл-күй сыйлады.  

Г.Адамская

Просмотров: 226


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст