Текст
2022 жылдың 11 ақпанында «Камышенка ауылының» КММ- де 9-11 сынып оқушылары арасында Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан Республикасынан шығарылуының 33 жылдығына арналған «Сол жылдар алауынан» атты іс-шара өтті. Шара барысында мектеп директоры Н.А.Ковальчук ардагерлерге құттықтау сөзін сөйледі. Ауған соғысының ардагерлері Уминский В.К. және Кутейко В.М. сол сұрапыл соғыс туралы естеліктерімен бөлісті. Оқушылар мен ардагерлер арасында әскери-патриоттық тақырыпта викторина ұйымдастырылды , Ауған соғысы туралы деректі фильмдер көрсетілді. Іс-шараның мектеп оқушыларының әскери-патриоттық тәрбиесін қалыптастыруға ықпалы зор болды.