«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Камышенка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі апталығы

11.02.2022

 Ақпан айының 7-11 аралығында «Камышенка ауылының ЖОБМ» КММ-де мектепішілік жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті апталығы басталды. Апталықтың бірінші күні 07.02.22. апталықтың ашылуы мен қабырға газеттерін безендіру жұмыстары өтті. Қабырға газеттерін шығаруға мектебіміздің 3-5 сыныптары және 6-10 сыныптары белсенді түрде қатысты. Қабырға газетттері «Қазақ тілі мәртебесі», «Ұлы тұлғалар», «Тарих қойнауы» тақырыптарына шолу жасады.  Апталықтың екінші күні сыныптарда «Мақалды суретпен сөйлетемін» айдарымен  сурет көрмелері ұйымдастырылды. 3-4, 5-6-7 сынып оқушылары үлкен қызығушылықпен өз өнерлерін көрсетті. Апталықтың үшінші күні сыныптарда «Өлең сөздің патшасы..» атты мәнерлеп оқу сайысы  мен ақын жазушылардың шығармашылығына арналған (9-11сыныптар) баяндамалар өтті. Аптаның төртінші күні мектеп оқушыларынан тест, диктант жұмыстары алынды. Жұма 11- ақпан күні 3-сыныпта «Қазақшаңыз қалай?» танымдық сабағы, 10-сыныпта «Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынов» атты ашық сабақтар өткізілді. Қазақ тілі апталығына белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Апталық жоспар бойынша жақсы деңгейде өткізіліп, оқушыларға әрі білім, әрі тәрбие жағынан танымдық ақпараттар берілді.

Просмотров: 363


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст