Текст
Қабырға газеттерін шығаруға мектебіміздің 3-5 сыныптары және 6-10 сыныптары белсенді түрде қатысты. Қабырға газетттері «Қазақ тілі мәртебесі», «Ұлы тұлғалар», «Тарих қойнауы» тақырыптарына шолу жасады. Апталықтың екінші күні сыныптарда «Мақалды суретпен сөйлетемін» айдарымен сурет көрмелері ұйымдастырылды. 3-4, 5-6-7 сынып оқушылары үлкен қызығушылықпен өз өнерлерін көрсетті. Апталықтың үшінші күні сыныптарда «Өлең сөздің патшасы..» атты мәнерлеп оқу сайысы мен ақын жазушылардың шығармашылығына арналған (9-11сыныптар) баяндамалар өтті.