«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Камышенка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін физика және информатика пәнінің мұғалімі Абишев Александр Айтболатович физика-математика және информатика пәндері апталығы аясында 10-сыныпта информатикадан ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Веб-сайттарды құру».

19.01.2022

Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқушылар мен мұғалім сабаққа дайындалып, компьютер сыныбында өзін-өзі ұстау ережелері, қауіпсіздік шаралары сақталды. Сабақ соңында ұстаз алдына қойған жұмыстар мен мақсаттарына жетті. 

Мұғалім педагогикалық шеберлік пен оқыту әдістемесін тамаша меңгергендігін көрсетті. Сабақ барысында мұғалімнің сөзі оқушыларға түсінікті әрі қолжетімді болды. Сабақтың негізгі ақпараттарына баса көңіл аударылды.

Сабақта қолданылған дәріс әдістері мен практикалық әдістер оқушыларға ақпаратты еш қиындықсыз қабылдауға мүмкіндік берді. Сабақ құрылымы оқушыларға таныс болғандықтан  қажетсіз сұрақтар мен ұйымдастыру мәселелеріне уақытты босқа өткізбеуге мүмкіндік берді. Жалпы сабақ жақсы жоспарланған, барлық мақсаттар орындалғандықтан сабақ сәтті өтті деп есептеймін.

ӘБ жетекшісі: Ольшевская Л.В.

Просмотров: 237


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст