Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 3 желтоқсан күні мектебіміздің 9-сынып түлектері Астраханка ауылындағы АТК-6 мекемесінде болды. Іс-шараны ұйымдастырушылар балаларды колледжге, оқу ғимараттарына, оқу кабинеттері мен зертханаларға экскурсияға апарды. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінде құймақ жасау шеберлік сыныбы көрсетілді, мұнда оқушымыз Артем Ганба аспазшы рөлін сомдап, белсенді қатысты.. Балалар ауыл шаруашылығын механикаландыру, ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисті, кондитер-безендіруші, есеп және аудит, электр жабдықтары және т.б мамандықтармен танысты, заманауи ауыл шаруашылығы жабдықтары мен оқу шеберханаларының жабдықтарын көрді. Колледж жатақханасын, кітапхананы, кең асханасын аралады. Оқушыларымыз экскурсияға риза болды, жақсы ұйымдастырылған іс-шара үшін №6 АТК-нің мұғалімдеріне алғысымыз шексіз.
Г.Адамская.