Текст
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына жалпы мектеп жоспарын орындау аясында 2-сынып жетекшісі О.С.Лисовская өз сыныбымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ашық сынып сағатын өткізді.. Іс-шара интеллектуалды ойын түрінде өтті, оған екі команда қатысты. Оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы сұрақтарға жауап берді, Отан туралы мақал-мәтелдер құрастырды, жұмбақтарды ойлап тапты, еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы мұғалімнің әңгімесінен көп мағлұмат алды. Сынып сағаты рефлексиямен аяқталды, онда оқушылар Қазақстан халқына ізгі тілектерін қағаз көгершіндерге жазды. Іс-шара барысында сыныпта ынтымақтастық пен өзара көмек атмосферасы орнады. Г.Адамская