Текст
19 қараша күні аудан әкімінің орынбасары Ж.Шахпутованың төрағалығымен өткен аудандық ата-аналар жиналысына мектеп әкімшілігі мен ата-аналар қауымы өкілдері қатысты. Күн тәртібінде вакцинацияның өзекті мәселелері, мұз қату кезеңінде балалардың қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері қаралды. «Саналы ата-ана тәрбиесі: бақытты бала тәрбиелеудің қарапайым ережелері» атты лекцияны «Bilim Foundation» ҚҚ-ның психолог-координаторы Жұлдыз Жасқайратқызы Бекмұханова жүргізді. Барлық тақырыптар қызықты, өзекті және жан-жақты болды.
Г.Адамская