Текст
14.09.2026
Қазақстан халқының тілдері онкүндігі аясында 2–6 сынып оқушылары арасында халық ертегілеріне арналған суреттер байқауы ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары елімізде тұратын қазақ, орыс және басқа да халықтардың фольклорына жоғары қызығушылық танытып, байқауға белсене қатысты.Балалар тапсырмаға шығармашылықпен қарады: байқауға қиял-ғажайып, тұрмыс-салт және жануарлар туралы ертегілерге салынған жарқын иллюстрациялар ұсынылды. Жұмыстар тақырыпқа сәйкестігі, идеяның ерекшелігі және орындау шеберлігі критерийлері бойынша бағаланды. Көрме қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасы әртүрлі жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтап, олар мақтау қағаздарымен марапатталды.