31.03.2026
2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау туралы маңызды ақпаратпен танысыңыздар 👇
📌 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хатына сәйкес,
биыл 1-сыныпқа өтініш беру мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.
---
📅 ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:
🗓 Ақмола облысы бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау
2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
📌 Осы кезеңде ата-аналар (заңды өкілдер) белгіленген тәртіп бойынша өтініш бере алады.
---
📲 Өтініш беру тәсілі:
Өтініш «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады: egov.kz
---
📄 Портал арқылы өтініш беру үшін қажет құжаттар:
✅ Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші;
✅ Баланың 3×4 см сандық фотосуреті;
✅ № 052-2/у нысаны бойынша баланың денсаулық паспорты
(2025 жылдан бастап бұл құжат eGov порталында электронды форматта қолжетімді);
✅ № 065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы;
✅ ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда).