Текст
18.03.2026
Іс-шараның мақсаты-ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, қазақ халқының мәдениеті мен әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру. Бұл күні оқушылар мен мұғалімдер мектепке Ұлттық киім элементтерімен келді. Сыныптарда Қазақ ұлттық киімінің мәні мен ерекшеліктері туралы қысқаша әңгімелер өткізілді. Оқушылар киімнің дәстүрлі элементтерімен, олардың тарихы мен символизмімен танысты.