1 қыркүйекте «Камышенка ауылының ЖОББМ» КГУ күрделі жөндеуден кейін окушыларға есігін айқара ашты. Мерекелік жиында Астрахан ауданының әкімі Ерсейітов Т.А. және «Камышенка» ТОО бас директоры Ильдебаев Д.К. күрделі жөндеуден өткен мектепке сыйлық ретінде 300 мың теңгенің сертификатын табыс еткен құттықтау сөз сөйледі. Білім бөлімінің басшысы Барахоева П.Ю. және педагогикалық еңбек ардагерлері жиынға қатысты.
Мереке басталар алдында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.Р.Аяпбергенов дене шынықтыру жаттығуларын өткізді. Дәстүрлі қоңырау үні мен берекелі шашудан кейін әсем, заманауи безендірілген мектепке бірінші сынып оқушылары, одан кейін барлық оқушылар, қонақтар, ата-аналар кірді. Жиналғандардың шаттыққа толы жүздеріндегі таңданыс, сезім дауылдары мектепті жөндеуге атсалысқандардың барлығына алғыстың белгісі болды.
Өскелең ұрпаққа қамқорлық жасап отырған үкіметке мың алғыс!